Жалпыхалықтық диктант

«Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК ұжымы 2018 жылдың 14 қараша күні сағат 11.00-де тұңғыш латын әліпбиіне негізделген жалпыхалықтық диктант жазуға белсене қатысты. Жалпыхалықтық акция мақсаты: латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.

Диктант 14 қараша күні сағат 11.00-де бүкіл республика бойынша бір мезетте бекітілген мәтін бойынша өтті. Диктант мәтіні ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының қорытынды сөзі алынған. Диктант жазудың алдында тыңдаушыларға латын негізді қазақ әліпбиі таныстырылды. Диктант мәтіні (80-90 сөз) аудиоқұрылғыдан дыбысталды. Ұзақтығы 30 минутқа созылды.

Латын әліпбиіне көз үйрету, қол жаттықтыру, жазуға машықтану – бүгінгі шараның көздегені де осы. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі –әлемдік кеңістікте қазақ тілді ортаның көкжиегін кеңейте түседі деген сеніміміз мол.