БЦЖ вакцинасынан бас тарту немен аяқталуы мүмкін ?

Туберкулез- ауру адамнан адамға ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Бағалаулар бойынша, қазіргі әлемдік халық санының шамамен үштен бірі клиникалық көріністері жоқ, туберкулез микобактерияларын жұқтырған, олардың 10 % -да өмір бойы жұқпа сәйкес белгілерімен аурушаңдыққа айналуы мүмкін.

2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша туберкулезбен ауыру Целиноград ауданы бойынша 55,5%, құрайды, 100 000 халыққа өлім-жітім 0% (дәл осындай кезең 2017 ж.-1,5), 2017 жылмен салыстырғанда аурушаңдық 1,8% төмендеген.

Сонымен қатар, көрсеткіштердің оң динамикасына қарамастан, облыстағы туберкулез бойынша жағдай, жалпы елдегі жағдай сияқты қолайсыз болып қалды.

Туберкулезбен ауыратын адаммен қарым-қатынастан ешкім сақтандырылмаған, себебі біз бәріміз бір ауамен дем аламыз!

Өзінің физиологиялық ерекшеліктеріне қарай балалар осы жұқпаға шалдыққыш болып келеді, демек туберкулездің дамуы бойынша қауіп-қатер тобы болып есептеледі.

Туберкулез ауыртпалығы жоғары елдерде, солардың қатарына Қазақстан да кіреді, балалардың туберкулезді жұқтырудың жылдық қаупі 2% бағаланады және туберкулезбен күресудің негізгі әдістерінің бірі БЦЖ вакцинациясы болып табылады, перзентханада жаңа туған сәбилерге өмірінің 3 күні өткізіледі.

Вакциналанбаған балаларда кездейсоқ қарым-қатынас кезінде туберкулездік менингит және өкпенің таралған туберкулездің ауыр түрі дамуы мүмкін, жиі бұл өліммен аяқталады.

БЦЖ вакцинасы туберкулезге қатысты дәлелденген қорғаушы іс әрекетке ие.

ДДСҰ мәліметтері бойынша БЦЖ егілмеген балаларда егілгендерге қарағанда туберкулезбен ауыру қаупі 21 рет жоғары.

БЦЖ егілген балалар ауырған кезде туберкулез жеңіл түрде, асқынусыз өтеді.

Перзентханада БЦЖ вакциналауға іріктеу кезінде екпені жасауға қарсы көрсетімдер: мерзіміне жетпей туу, жатырішілік инфекцияның болуы, ауыр дәрежелі асфиксия, неврологиялық белгілері бар, босану кезіндегі жарақаттар.

Педиатрдың рұқсатынан кейін, дені сау сәбилерге арнайы оқытылған мейірбике сол жақ иыққа тері ішіне, БЦЖ егу мөлшерін енгізеді.

Әдетте БЦЖ вакцинасын енгізген жерде ақ түсті 8-10 мм бөртпе пайда болады, ол 1-3 сағат ішінде тарайды.

Вакцинаны енгізгеннен кейін, 6-8 айдан кейін сол жерде қызғылт бөртпе пайда болады, ол кішкене тері ішілік іріңге толы көпіршікке айналады.

Содан кейін кейіннен тыртық пайда болып, қабыршық қалыптасады, кейбір нәрестелерде қызғылт түсті бөртпе кеуіп, іріңсіз қабыршық болуы мүмкін.

Аталған кезеңде пайда болған көріністерге жасыл дәрі, йод жағуға және түрлі дәрі-дәрмектермен таңуға болмайды!

БЦЖ вакцинасын еккен жерде жоғарыда аталған өзгерістердің болмауы туберкулезге қарсы иммунитеттің осы организмде қалыптаспағандығын куәлайды, бұл қайта БЦЖ екпесі үшін көрсеткіш болып табылады.

БЦЖ вакцинасынан кейінгі қалыптасқан туберкулезге қарсы иммунитет, 5 жыл бойы туберкулездің ауыр түрінің дамуынан баланы қорғайды.

Иммунитеттің шыңы БЦЖ вакцинасынан 12-24 айдан кейін байқалады. Қайта егу 6 жаста қаіп-қатер тобындағы -жиі ауыратын, иммунитеті әлсіз балаларға жүргізіледі.

Сондықтан екпеден бас тартудан бұрын БҰЛ СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ ҮШІН ҚАЛАЙ АЙНАЛАТЫНЫН ЖАҚСЫЛАП ОЙЛАНЫҢЫЗ!

Құрметті ата-аналар, өз балаларыңызды туберкулезден алдын алу шараларын орындау, соның ішінде БЦЖ вакциналау жолымен қорғаңыз.

Дәрігер — статистик А.Таңжарық