Қазақстандықтар «Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру» үшін төлемдерді онлайн режимде тексере алады

Осы мелекеттік қызметті пайдалану ағымдағы жылда мүмкін болады. Жаңалық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту шеңберінде жүзеге асатын болады.

Осы қызмет азаматтар үшін электронды үкімет порталында және халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болады деп жоспарлануда. Әрбір азамат МӘМС жүйесіне ол үшін түскен төлемдерді бақылай алады.

Сондай-ақ 2018 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды емханаларға тіркеу бойынша технологияны жетілдіруді жоспарлап отыр.

— Бұл жұмысты Қор елбасының «ақпараттық жүйені дамыту есебінен медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге қатысты», 2018 жылы Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмасы бойынша жүргізіп отыр.

     

Тіркеу кампаниясының қорытындысы бойынша Ақмола облысының медициналық ұйымдары қазіргі кезде миллионнан астам адамға қызмет көрсетеді.

1 қаңтардан бастап Қор халық үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік қаржыны бөлу бойынша біріңғай оператор болады.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын қазақстандықтар және шетелдіктер ешбір шектеусіз еркін тіркелу құқығын пайдалана алады.

Ертеректе бұны тек жарты жылда бір рет, немесе тіркеу кампаниясы шеңберінде жүзеге асыруға болатын.

Дәрігер — статистик А.Таңжарық