Целиноград ауданы бойынша «Балалар жол-көлік жарақатын алдын алу» бойынша акция өткізу туралы ақпарат

Целиноград ауданы бойынша «Балалар жол-көлік жарақатын

алдын алу» бойынша акция өткізу туралы ақпарат

Аудан бойынша ағымдағы жылдың 12 қарашадан 18 қараша аралығында «Жол қозғалысының қауіпсіздік апталығы!» ұранымен балалар жол-көлік жарақатын алдын алу бойынша акция өткізілді.

Іс-шараларды ювеналдық полиция — полиция капитаны Т.С. Фарзалиев және аға лейтенант, инспектор Е. Асанбаев өткізді. 45 дәріс оқылды, 848 әңгімелесу жүргізілді, 18 кеңес беру өткізілді. Мектептерде 1 диктант, 1 шығарма өткізілді. Барлық мектептерде және мектепке дейінгі мекемелерде жол қозғалысын алдын алу бойынша стендтер жасалды. Сабақтар акт залында,спорт залында өткізілді. Сабақтарда жолда жүру ережесі туралы айтылды, жеке және қоғамдық көлікте өзін қалай ұстау керектігі туралы да айтылды, түрлі өмірлік жағдайлар ойналды,балалар жүргізуші де жол жүруші де болды.

Барлық оқушыларды қарапайым ережелермен таныстырды:

1. 14 жасқа дейінгі балаларға көлік жүретін жолмен жүруге тыйым салынады.

2. Велосипедпен жолды кесіп өтуге болмайды, одан түс және оны жаяу жүргінші жолымен өткіз.

3. Велосипедтің рөлін ұстамай жүруге тыйым салынады.

4. Өз велосипедінің рамасында және жүк тасығышта ешкімді тасуға болмайды.

Сондай-ақ кездесулер болды, ата-аналармен және ұстаздармен әңгімелесулер өткізілді. Барлығына ақпараттық-тарату материалдары таратылды.

А.Жанабергенова