Целиноградская районная поликлиника

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Целиноградская районная поликлиника» при управлении здравоохранения Акмолинской области

«Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер жөніндегі есеп

  1. Жалпы ережелер
  • Қызмет көрсетуші туралы ақпарат: Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК
  • «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК нында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:
  1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» – ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде көрсетілген 9264 қызмет;
  2. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» – қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген- 454265 қызмет;
  3. «Дәрігерді үйге шақыру» – қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген 50955 қызмет;
  4. «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» – қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген 9643 қызмет;
  5. «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» – қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген 210 қызмет;
  6. «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» – қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген 3119 қызмет;
  7. «Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту» – қағаз түрінде көрсетілген 829 қызмет.
  8. «Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру» – қағаз түрінде көрсетілген 85 қызмет.
  9. «Санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру» – қағаз түрінде көрсетілген 220 қызмет.

Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 525703

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 0 қызмет;

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 525703, ақылы негізде – 7466

Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-1234; электрондық түрде – 383501

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 1 (ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2021 жылғы №39/НҚ бұйрығына сәйкес емхананың бас дәрігерінің 2021 жылғы 22 ақпандағы №44-Ө Мемлекеттік  қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бойынша жауапты мамандарды белгілеу бойынша бұйрығы)

  • Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

«Дәрігердің қабылдауына жазылу»

«Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру»

«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мақсатында,  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК ресми сайтында орналастырылған https://emhana-akmol.kz/ru/%d0%be%d1%82%d1%87%d0%b5%d1%82%d1%8b-%d0%bf%d0%be-%d0%b3%d0%be%d1%81%d1%83%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%81%d1%82%d0%b2%d0%b5%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d0%bc-%d1%83%d1%81%d0%bb%d1%83%d0%b3%d0%b0%d0%bc/ көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ұйымның қабырға бұрышында; әлеуметтік желілерде (инстаграмм), сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша орналастырылған

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

  1. 2021 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізілді, оның ішінде: мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша қызметкерлермен брифингтер – 2, эфирлер – 2.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкерлері ұйым қаражаты есебінен мамандандырылған біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Ұйым деңгейінде – 24 дәрігер және 123 орта медициналық персонал оқытылды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге 67 шағым түсті

2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында 2022 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі жөніндегі 2022 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді;

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңестер өткізу жоспарлануда;

Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасалған (пандустар, шақыру тетігі) ;

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарау және оларды уақтылы шешу;

Танымал әлеуметтік желілер арқылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету.    

Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
()
x