ХАБАРЛАНДЫРУ
cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК 2024 жылғы 10 маусым мен 14 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.
Мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7-тармағында айқындалған тәртіппен жұмыс тобының құрамында талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша комплаенс-офицер А.С. Мукушев 2024 жылғы 10-14 маусым аралығындағы мерзімде (871651) 51-109 телефон нөмірі бойынша жүгінуге болады.