Целиноградская районная поликлиника

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Целиноградская районная поликлиника» при управлении здравоохранения Акмолинской области

Жатыр мойны обырының алдын алу апталығы/Неделя профилактики рака шейки матки

18-23 қаңтар аралығында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК-да «Жатыр мойны обырының алдын алу апталығы» өткізілуде.
Жатыр мойны обыры-гинеколог маманнан үнемі тексеріліп отыру арқылы алдын алуға болатын онкологияның жалғыз түрі. 18 жастан 49 жасқа дейінгі барлық әйелдер кез-келген уақытта өз емханаларында жатыр мойны обырына тегін скринингтен өте алады.
Тәуекелдің ерекше тобын төмендегі белгілері бар әйелдер құрайды:

  • жыныстық өмірдің ерте басталуы-16 жасқа дейін;
  • ерте бірінші жүктілік және ерте бірінші босану;
  • жыныстық серіктерін жиі ауыстыру;
  • жыныстық жолмен берілетін қабыну аурулары;
  • түсік түсіру, босану, тазалау кезінде жатыр мойнының жарақаты;
  • жатыр мойнының эрозиясы, полиптері және басқа да аурулары;
    Зерттеу әдістері
    Жатыр мойны обырын диагностикалау тән белгілерді анықтауға, жалпы және гинекологиялық тексерулердің нәтижелеріне негізделген.
    Жатыр мойны обырын диагностикалауда негізгі рөл арнайы зерттеу әдістеріне беріледі:
  • Кольпоскопия-жатыр мойнын оптикалық аспаптың көмегімен зерттеу (7-28 және одан да көп есе ұлғайған кезде).
  • Цитологиялық зерттеуге жағындыларды және гистологиялық зерттеуге тіндерді алу.
  • Гистологиялық зерттеуге тіндерді алу (биопсия).

Жатыр мойны обырының алдын алу:

  • Ерте жыныстық өмірдің, ерте некенің алдын алу;
  • Жыныстық серіктердің жиі өзгеруін болдырмау;
  • Жыныстық жолмен берілетін инфекцияның алдын алу үшін жыныстық қатынас кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолдану (презерватив);
  • Вакцинация. Вакцинациядан кейін әр түрлі жастағы топтардағы әйелдерде тұрақты иммунитет пайда болады және бүкіл бақылау кезеңі сақталады.
    Қайта алдын алу:
    Жатыр мойыны обырының алды ауруларын және толық емделуі мүмкін жатыр мойны обырының ерте белгілерінсіз сатыларын анықтау мақсатында жағындыны цитологиялық зерттеумен және кольпоскопия (20 жастан асқан әйелдерде) жүргізумен профилактикалық медициналық тексеру.
    Жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтау үшін әрбір әйел 6 айда 1 рет профилактикалық тексеруден өтуі тиіс.
    Жатыр мойны обырынан оңтайлы қорғаныс-бұл әйелдің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін цитологиялық жағындыларды үнемі тексеріп отыру.

С 18 по 23 января в ГКП на ПХВ «Целиноградская районная поликлиника» при УЗ Акмолинской области проводится «Неделя профилактики рака шейки матки».
Рак шейки матки – это единственный вид онкологии, который можно предотвратить, если регулярно обследоваться у гинеколога. Все женщины от 18 до 49 лет могут в любое время пройти бесплатный скрининг на рак шейки матки в своих поликлиниках.
Особую группу риска составляют женщины, имеющие:

  • ранее начало половой жизни – до 16 лет;
  • раннюю первую беременность и ранние первые роды;
  • частую смену сексуальных партнеров;
  • воспалительные заболевания, которые передаются половым путем;
  • травму шейки матки во время аборта, родов, выскабливаний;
  • эрозии, полипы и другие заболевания шейки матки;
    Методы исследования
    Диагностика рака шейки матки основана на выявлении характерных симптомов , результатах общего и гинекологического осмотров.
    Основная роль в диагностике рака шейки матки отводится специальным методам исследования:
    • Кольпоскопии –исследование шейки матки с помощью оптического прибора (при увеличении в 7-28 и более раз).
    • Взятие мазков на цитологическое исследование и ткани на гистологическое исследование).
    • Взятие ткани на гистологическое исследование (биопсия).

Профилактика рака шейки матки
• Предупреждение ранней половой жизни, ранних браков;
• Исключение частой смены половых партнеров;
• Использование средств индивидуальной защиты при половых контактах для профилактики инфекции, передаваемых половым путем(презерватив);
• Вакцинация. После вакцинации у женщин различных возрастных групп возникает устойчивый иммунитет и сохраняется весь период наблюдения.
Вторичная профилактика:
Профилактические медосмотры с цитологическим исследованием мазка и проведением кольпоскопии (у женщин старше 20 лет) с целью выявления предраковых заболевании шейки матки и ранних бессимптомных стадии рака шейки матки , которые могут быть полностью излечены.
Для предупреждения и и раннего выявления рака шейки матки каждая женщина должна проходить профилактический осмотр 1 раз в 6 месяцев.
Оптимальной защитой от рака шейки матки являются регулярные осмотры с цитологическим исследованием мазков ,что позволит сохранить здоровье женщины.