«Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК комплаенс-офицерінің парақшасына қош келдіңіздер!
Комплаенс-офицер емхана қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері реттеушілік талаптардың және ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, барлық медицина қызметкерлері мен қызметкерлерінің арасында ең үздік халықаралық стандарттарға, іскерлік әдеп кодексіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашықтықты, адалдықты қамтамасыз ететін емхананың ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Комплаенс-офицер өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ), Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасына (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы), медициналық ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ашықтық пен адалдығын қамтамасыз ету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзге де қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері және емхананың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Егер сіз емхана қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, бұл туралы комплаенс-офицерге Мукушев Азамат Серикович келесі байланыс деректері арқылы хабарлауға болады:
– ұялы телефон бойынша: +7 (702) 191-83-82
Азаматтарды қабылдау кез келген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Қызметтік кабинет – 310 (3қабат емхана ғимараты).
Құпиялылық пен анонимділікке толық кепілдік беріледі.