Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналлық кәсіпорны:Ақмола облысы,Целиноград ауданы,Ақмол ауылы, 3 шағын аудан, 1 «А» құрылыс,анықтама үшін тел. 8(7165)30-139 ok_crp@mail.ru. № 302 кабинет, бас дәрігердің бос лауазымына конкурс жариялайды:
1. Емхана тәулік бойы медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі, білікті медициналық көмек көрсетеді, ол медициналық қызметтер кешенін, ауруларды және басқа да шұғыл жағдайларды диагностикалауды, емдеуді; инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды; халықты гигиеналық оқытуды, аурулардың алдын алуды және салауатты өмір салтын насихаттауды қамтиды; алғашқы медициналық-санитариялық көмекті учаскелік қызмет дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері мен медбикелер, консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетеді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі аумақтық қағидат бойынша құрылады. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің түрлерін, көлемін, тәртібін, сондай-ақ Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: медицина саласындағы жоғары білім (бейіні бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру үшін);
экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнесті басқару саласында екінші жоғары білімнің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуларын аяқтаған тұлғалар үшін), «Бизнесті басқару», «Іскерлік басқару», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;
денсаулық сақтау саласында басқарушы лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
немесе
экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнесті басқару саласында жоғары білімнің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;
денсаулық сақтау саласында басқарушы лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексін, Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
3. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме, еркін нысанда жазылған өмірбаян, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының (оның барында)немесе еңбек шартының көшірмесі,немесе соңғы жұмыс орнынан қабылдау және еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтан көшірмелер,белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. Конкурсқа қатысушы біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне (біліктілігін арттыру,ғылыми дәрежесі мен атағы,ғылыми басылымдары туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдынғы жұмыс орнының басшысынан ұсынымдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.
4. Құжаттарды қабылдау уақыты және конкурсқа қатысу туралы өтініш ұсыну мерзімі: құжаттар хабарландыруды уәкілетті мемлекеттік орган және мемлекеттік кәсіпорынның ғаламтор-ресурстарында орналасқан күннен бастап 15 күн ішінде қабылданалы.
5. Конкурсты өткізу күні: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлама қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы телефон арқылы жүзеге асырылады.
6. Конкурстың өтетін орны: Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, 3 ш. а.,1″А» құрылы.