Целиноградская районная поликлиника

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Целиноградская районная поликлиника» при управлении здравоохранения Акмолинской области

БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ БАЙҚАУДЫҢ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ БАЙҚАУДЫҢ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Ақмола облысынын денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК-ң бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Мекен-жайы: Ақмол ауылы, 3 шағын ауданы, 1А құрылыс, тел. 8 (71651) 30-139

Негізгі қызметінің сипаттамасы – бастауыш медициналық-санитариялық көмек көрсету

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

1) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

  1. Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Құжаттар тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Байқаудың өтетін орны –Көкшетау қаласы, Сатпаев көшесі 1 А. 2 этаж, кабинет 206 телефон:87162551378

Байқаудың басталу күні –07 қараша 2023 жыл

Байқаудың аяқталу күні – 07 желтоқсан 2023 жыл

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған