Целиноградская районная поликлиника

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Целиноградская районная поликлиника» при управлении здравоохранения Акмолинской области

COVID-19 вакцинациясына тартылған медицина қызметкерлерін кейіннен аттестациялаумен егу кабинеттерін қарау

2021 жылғы 2-3 ақпан күндері Целиноград аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ә.Ү. Иса мен «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК эпидемиологиялық қызметінің басшысы А.З. Жақыпова бірлескен жұмыс сапарымен барып, Целиноград ауданында коронавирустық инфекцияға қарсы егу жүргізуге арналған кабинеттердің дайындығы мен жарақтандырылуына қарау жасады.

Егу кабинеттеріне қарау жүргізілген соң «Коронавирустық инфекцияға қарсы егу жүргізу» әдістемелік ұсынымдары, «Қазақстан Республикасы халқына коронавирустық инфекциясының (СOVID-19) алдын алу екпелерін сақтау және тасымалдау регламенті», «Қол жуу гигиенасы», «Медицина қызметкерінің жеке қорғаныс құралдарын қолдану», «Медициналық қалдықтарды жою ережелері» бойынша оқыту жүргізіліп, егу жұмыстарына жұмылдырылған медицина қызметкерлері аттестациядан өткізілді. Жұмыс сапары соңында «Жанұя» ОДО» ЖШС-ға, «Эндохирургия клиникасы» ЖШС-нің филиалына егу кабинеттерін жарақтандыру жөнінде ұсынымдар беріліп, 9 медициналық қызметкер, оның ішінде 3 жалпы практика дәрігері мен егу жасайтын 6 мейірбике аттестациядан өткізілді.