2021 жылдың 2-3 ақпаны күндері «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Целиноград аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы Ә.Ү.Иса және «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК эпидемиологиялық қызметінің басшысы А.З. Жақыпова, Целиноград ауданы бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы егу жүргізуге арналған кабинеттердің дайындығын тексеру үшін жұмыс сапарына шықты. Егу кабинеттерінің жағдайын тексерген соң, «Коронавирустық инфекцияға қарсы егу жүргізу» әдістемелік ұсынымдары», «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша вакциналарды (СOVID-19) сақтау және тасымалдау регламенті», «Қол жуу гигиенасы», «Медицина қызметкерінің жеке қорғаныс құралдарын қолдануы», «Медициналық қалдықтарды жою ережелері» тақырыбы бойынша оқыту жүргізіліп, егу жұмыстарына жұмылдырылған медицина қызметкерлері аттестаттаудан өткізілді. Жұмыс сапары соңында «КСМК «Жанұя» ЖШС, «Эндохирургия клиникасы» ЖШС филиалына егу кабинеттерін жабдықтау жөнінде ұсынымдар берілді, 9 медициналық қызметкер, оның ішінде 3 жалпы тәжірибе дәрігері және егу жасайтын 6 мейірбике аттестаттаудан өтті.