2020
жылдың 1 сәуірінен бастап, еліміздің әр азаматы шартты түрде
сақтандырылған болып есептеледі және тегін медициналық қызметтерді ТМККК
пакетінде ғана емес, сонымен бірге МӘМС пакеті бойынша да ала алады.
Бұл үшін не қажет?
Емханаға egov.kz арқылы тіркелу, «Денсаулық
сақтау» бөлімінде «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін
медициналық ұйымына тіркелу» бағанын таңдау. Кейін «Қызметке онлайн
тапсырыс беру» басу.
Енді, Сіз тіркелген медициналық мекеменің
дәрігерінен түсініктемелер мен жолдаманың болуы талабымен, Сіз салалық
мамандардың тегін кеңестерінен, талдамалар мен үлкен тексерулер
тізбесінен (мысалы, УДТ, КТ, МРТ), оңалту мен қалпына келтіру емінен өте
аласыз. Бұл медициналық сақтандырудың енгізілуіне көптеген медициналық
ұйымдар дайындалған: жаңа бөлімшелер ашылды, дәрігерлердің штаты
кеңейді.
1 сәуірден бастап, егер емделуші медициналық
сақтандыру жүйесінің қатысушысы бола алмаса, бұл қызметтер, негізгі
тегін пакетке қатысты емес қызметтерден басқа (жедел жәрдем, соның
ішінде санитарлық авиация, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел
стационарлық көмек, паллиативті көмек, әлеуметтік маңызды, негізгі
созылмалы және қоғам үшін қауіпті аурулар (ісік ауруы, туберкулез, қант
диабеті, артериалды гипертензия және т.б.) медициналық көмектің толық
спектрі ), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда) ақылы болады.