«Тіл- достық кепілі»

«Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін»-, деп тіршіліктің тірегі болған қазақ тілі жайлы Әбділда Тәжібаев атамыз жырлағандай, әркімнің өз тіліне деген құрметі, өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметпен бірдей.
​1989 жылы 22 қыркүйекте Тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы шілденің 11 күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Сол кездерден бастап елімізде Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі тойлануда.
​Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК мемлекеттік тілді дамыту маманы Д. Жүнісованың ұйымдастыруымен мекемеде түрлі іс-шаралар өткізілді. Емханада және қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді насихаттау, оның беделін арттыру үшін жұмыстар жүргізілді. 2019 жылғы 03 қыркүйек күні тілдер күні мерекесі қарсаңында «Тіл-ұлы байлық» мемлекеттік тіл және өзге ұлт өкілдерінің тілдерінің тарихы, дамуы туралы ақпарат беретін кең көлемді көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақстан халқының мемлекеттік тілінің дамуына ықпал ету, өзге ұлт өкілдерінің тілдеріне құрмет көрсету. Сонымен қатар 2019 жылғы 04 қыркүйек күні ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру,тіл мерейін көтеру мақсатында емхана қызметкерлері үшін

smart

smart

smart

атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылып, өткізілді. Барлық ұжым белсене қатысты. Құттықтау сөздер, тілектер айтылды. Ж.Аймауытов «Ана-тілі-жүректің сырларын, халықтың бастан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отырған қазына» деген. М.Мақатаевтың, Қ.Мырзалиевтың өлеңдері оқылды,мақал-мәтелдер айтылды. Сондай-ақ туған жер тақырыбындағы патриоттық әндер топтамасынан латынша караоке ұйымдастырылды. Барлық қызметкерлер белсене қатысты.Шара соңында кітап көрмесіне щолу жасалды.