Aqmola oblysynyń densaýlyq saqtaý basqarmasy janyndaǵy «Selınograd aýdandyq emhanasy» 

Aqmola oblysy, Selınograd aýdany, Aqmol aýyly, 3 shaǵyn aýdan, qurylys 1A.
Сall-ortalyǵy

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі деген не?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.

МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына олардың жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұрғылықты жері және табыстарынан тәуелсіз түрде медициналық және дәрілік көмекке бірдей қолжетімділікті кепілдік етеді.

Міндетті әлеуметтік медциналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласында халықтың мүдделерін олар ауырғанда, зақымданғанда, жүкті болу және босанғанда, мүгедек болу және қартайған жағдайда әлеуметтік қорғау нысаны.

МӘМС жүйесінде қандай ұйымдар медициналық көмек көрсететін болады?

МӘМС жүйесінде медициналық көмекті мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау субъектілерінің теңдігі қағидаты негізінде Қордың ұсынған талаптарына сәйкес болған жағдайда, жеке меншік нысанынан тәуелсіз түрде Қормен шартқа отырған медициналық ұйымдар көрсететін болады.

МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттарының біріне жарналарды (немесе аударымдарды) төлеу міндеттілігі мен жүйенің барлық қатысушыларының теңдігі жатады. Мемлекеттің, азаматтардың және жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігі олардан келген қаражатты ауру кезеңінде сау азаматтан сырқат азаматқа қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Төленген қаражаттар осы кезеңде медициналық қызметке жүгінген пайдаланушыларға медициналық көмекті төлеу үшін жұмсалады. Жеке клиникалардың медициналық көмектің (медициналық қызметтің) барлық түрін ұсынбайтынын, соның ішінде қымбат тұратын медициналық қызметтер (мысалы: мүшелерді трансплантациялау, нейрохирургиялық оталар, кардиохирургиялық оталардың жеке түрлері және т.б.) көрсетпейтінін атап өтку қажет.

Өкінішке орай, жарналардың немесе аударымдардың төленбеуі жоғарыда аталған қызмет түрлерін көрсетуден жоспарлы түрде бас тартуына алып келеді.

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсететін, денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енген медициналық ұйымдар тізімімен танысу үшін және тіркелуге ұйымды таңдау үшін сіз сілтеме арқылы өте аласыз.

АМСЖ ұйымына қалай тіркелуге болады?

АМСЖ ұйымына азаматтардың тіркелуі медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан ең жақын АМСЖ ұйымына тіркелетін шекара маңында өмір сүретін азаматтарды қоспағанда, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері, жұмыс, оқу орны бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі медициналық ұйымды, дәрігерді еркін таңдау құқығын ескере отырып, жүзеге асырылады. Азамат тек бір ғана АМСЖ ұйымына тіркеледі.

АМСЖ ұйымына тіркелу АМСЖ ұйымының жұмыс жасау кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта еркін нысандағы өтініші мен жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте берілген басқа да құжат) негізінде жүзеге асырылады.

Тұлғалардың тіркелуі АМСЖ ұйымдарында олардың тікелей немесе жазбаша жүгінуі бойынша, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатпен «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы жүргізіледі. Он сегіз жасқа толмаған тұлғалардың тіркелуі тіркелетін тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты мен оның заңды өкілі болған жағдайда жүзеге асырылады.

Азаматтардың АМСЖ ұйымдарына тіркеуін өзгерту жүзеге асырылады:

1) тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері, жұмыс немесе орны бір әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс өзгерген кезде;

2) АМСЖ ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе жойылған жағдайда;

3) азаматтың дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдау кезінде жылына бір реттен көп емес;

4) АМСЖ ұйымына халықтың тіркелуі бойынша 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейінгі аралықта жыл сайын жүргізілетін Кампания (бұдан әрі – Кампания) кезеңінде.

12. Азаматтардың тікелей жүгінуі кезінде АМСЖ ұйымына тіркеген жағдайда бұрын тіркелінген АМСЖ ұйымынан тіркеуден шығарылуы «Халық тіркелімі» порталының дерекқорлары арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

13. Кодекстің 34 бабында көрсетілген тұлғалардың АМСЖ ұйымына еркін тіркелуін таңдау кезінде оларға осы ұйым мамандарының қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала ескертіліп, тіркелу анықтамасында (талонында) көрсетіледі.

14. ТМККК шеңберінде Кампания кезеңінде тіркелген халыққа жаңа әлеуетті жеткізушілердің қызмет көрсетуі қызметті жеткізушілерді таңдау комиссиясының шешімі бойынша алдыңғы жылға арналған ТМККК көрсету шарты болған жағдайда ғана алдыңғы жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.

Осы уақытқа дейін Кодекстің 34 бабында көрсетілген, жаңа әлеуетті жеткізушіге тіркелуге ниетін білдірген тұлғалар ағымдағы жылы тіркелген АМСЖ ұйымдарында ТМККК шеңберінде медициналық көмек алады.

МӘМС-ға аударымдар. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 01 шілдесінен бастап ҚР-ның «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жұмыс берушілер МӘМС-ға аударымдар жүргізуге міндеттеледі.

Аударымдар қандай мөлшерде және қай мерзімдерде жүргізіледі?

Салық салудың жалпыға белгіленген тәртібінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың жалданған жұмысшыларына аударымдары әр жұмысшы табысының1% көлемінде жүргізіледі және табыстарды төлейтін айдан кейінгі келесі айдың 25-нен кешіктірмей аударылады.

Оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнайы салық тәртібін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың жалданған жұмысшыларына аударымдары әр жұмысшы табысының1% көлемінде жүргізіледі және табыстарды төлейтін айдан кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей аударылады.

Жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттар мен кәсіби медиаторлардың өздері үшін аударымдары екі айлық жалақының 5% көлемінде жүргізіледі және есептік айдан кейінгі келесі айдың 25-нен кешіктірмей аударылады.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеу (ұстап қалу) осындай шарттарды жасаған салық агенттерімен екі айлық жалақының 5% көлемінде жүзеге асырылады және табыс төлейтін айдан кейінгі келесі айдың 25-нен аударылады.



0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x