Skip to content

Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының

«Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК ның қызметі туралы 2025 жылғы есебі

1. Жалпы ережелер

  1. Қызмет көрсетуші туралы ақпарат: Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК
  2. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК нында 14 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
  3. “Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту” –  6 686 қызмет;
  4. “Дәрігердің қабылдауына жазылу” –  379 212 қызмет;
  5.  “Дәрігерді үйге шақыру” – 2 208 қызмет;
  6. “Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру” –  5 610 қызмет;
  7. “Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру” – 8 434 қызмет;
  8. “Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру” – 8 249 қызмет;
  9. “Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру” – 4 002 қызмет;
  10. “Пациенттерге стационарға жатқызуға жолдама беру” – 2 681 қызмет;
  11. “Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру” – 4 222;
  12.  “Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту” – 609 қызмет;
  13.  “Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру” – 82 қызмет;
  14. “Санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру” – 404 қызмет;
  15. “Транспланттау мақсатында ағзалардың (органның бір бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тіннің бір бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде бас тартуды немесе келісімді тіркеу” – 0 қызмет;
  16. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емдеуге жіберудің және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тартудың орындылығы туралы құжаттарды қабылдау және қарау” – 0 қызмет

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген талдау негізінде ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: (379 212) “Дәрігердің қабылдауына жазылу”, (8 434) “Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру”, (6 686) “Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту”, (5 610) “Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру” (4 222) “Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру”, (4 002) “Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру” болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мақсатында,  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК ресми сайтында https://emhana-akmol.kz/ орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпараттар ұйымның қабырға бұрышында; әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook), сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 8 (716-51)79-903, 8 778 870 9164, 8 708 424 7127 телефоны бойынша орналастырылған

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2025 жылы «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК да мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары жүргізілді. Емханада электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін “Е-GOV” өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2025 жылы “Е-GOV”өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы барлығы 312 Мемлекеттік қызмет көрсетілді

Целиноград аудандық емханасында 2025 жылы барлығы  18 – мемлекеттің қызметтер туралы мәліметтер және 1 тікелей эфир жүктелді.

Емхананың ресми әлеуметтік желілерінде 2025 жылдың қаңтар, ақпан, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша және желтоқсан айларында емханада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер жүктелді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2025 жылы 19 қызметкер Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру бойынша курстарды өтті.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар қажеттілігіне қарай Даму ақпараттық технологиялар орталығына жіберілді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан Целиноград аудандық емханасына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2025 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан бақылау іс-шарасы  өткізілмеді.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде 1 бұзушылық анықталды.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

 Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша 2026 жылға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар түзілді. Мемлекеттік қызметтерді мерзімінде көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасалуы (пандустар, шақыру тетігі), көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарау және оларды уақтылы шешу, әлеуметтік желілер арқылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор. Емхананың негізгі қағидаларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы жағдай жасау болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК ның 2025 жылғы есебін талқылау бойынша ұсыныстар мен  ескертулер емхананың ресми сайтында https://emhana-akmol.kz/ қабылданады.

Директор                                                               М. Архабаева

Орындаушы:. Хатамова Г.Р.

Тел..:  8 747 846 35 83